Менің жеке ресми блогыма қош келдіңіздер!
Біздің қаламыздың дамуына аландайтын өміріміздегі оң өзгерістерге талпынатын қолданушыларымды кездестірем деп үміттенемін. Сіздер көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды, шешімін тапппаған мәселелеріңізд, құнды пікірлеріңізді, маңызды ұсыныстарыңызды, тілек ниеттеріңізді жолдауға болады. Сіздердің жолдаған тілектеріңізбен сұрақтарыңызға нақты жауабымды беруге, ал, идеяларыңызбен сыныстарыңызды тыңғылықты талқылап қажетімен жаратуға дайынмын. Осындай жақын пікір алмасуымыз біздің өміріміздің сапасын көтеріп жүйелендіретіне сенімдімін.
 
 

Оқиғалар
Құрметті қала тұрғындары! 
Сіздерді Конституция күнімен шын жүректен құттықтаймын.
Бұл күн — халқымыз үшін аса қастерлі, ең ұлық мереке. Халықтың өзі дауыс беріп, қабылдаған Ата заңымыз өркениетті мемлекеттің барлығына тән демократиялық қағидалармен толық қамтылды. Конституция бірлігіміздің тұрақтылығын, мемлекеттік құрылыс пен еліміздің тұтастығын бекітіп берді.
Әрбір азаматтың өзін тең сезінуіне және құқықтарын сақтауына берік негіз болды. Жасампаз жаңа дәуірге кең жол ашты. Еліміздің жеткен жетісігі мен алған белесі осы тұғырлы Конституцияның арқасында мүмкін болды. Ата заңымызға деген ерекше құрмет біздің сеніміміз бен күшіміздің қайнар көзі. Бірлігі жарасқан қазақ елі аз уақытта айбары асқан қуатты ұлтқа, дәулеті тасыған күшті мемлекетке айналды. Бұл орайда Ұлт басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың: «Конституция Қазақ елінің өркендеуі мен өрлеуінің негізі» деген қанатты сөзі еріксіз еске түседі. Қазақстан қазіргі таңда тарихи өрлеу кезеңінде.
Бүкіл еліміздегі сияқты, біздің өңірде де елеулі оң өзгерістер орын алуда. Осының бәрі біздің болашаққа сеніммен қарап, Елбасы алдымызға қойған міндеттерді лайықты орындауымызға мүмкіндік береді.
Құрметпен,
Курчатов қаласының әкімі А. Глазинский

Еш пікір жоқ »

Әлі еш пікір жоқ.

Пікір қалдыру