Менің жеке ресми блогыма қош келдіңіздер!
Біздің қаламыздың дамуына аландайтын өміріміздегі оң өзгерістерге талпынатын қолданушыларымды кездестірем деп үміттенемін. Сіздер көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды, шешімін тапппаған мәселелеріңізд, құнды пікірлеріңізді, маңызды ұсыныстарыңызды, тілек ниеттеріңізді жолдауға болады. Сіздердің жолдаған тілектеріңізбен сұрақтарыңызға нақты жауабымды беруге, ал, идеяларыңызбен сыныстарыңызды тыңғылықты талқылап қажетімен жаратуға дайынмын. Осындай жақын пікір алмасуымыз біздің өміріміздің сапасын көтеріп жүйелендіретіне сенімдімін.
 
 

Оқиғалар
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындарымен қонақтары! Қадірменді жерлестер!
Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз! Наурыз елдің дәстүрінде ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың бастауы болып келеді. Бұл күн жаңару, жасару, рақымшылық уақыты. Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев Наурыз мейрамының  біздің елімізде бірлік пен келісімді сақтаудағы ең басты мерекелерінің бірі екенін атап айтты. Қазақтың ежелгі дәстүрімен Сіздерге Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын демекпіз! Осы жыл басы отбастарыңызға бақ пен береке, молшылық пен дәулет болып енсін. Әрқашанда еңбектеріңіздің еселі жемісін көріп, әрбір атқан келешектің нұрлы күнімен шаттықта шыңдалып,  келелі табысқа жете берулеріңізге тілектеспін. Біздің қаламызда болып жатқан оң өзгерістер –  біздің  сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың  нәтижесі.  Кең байтақ Қазақстанның мәртебесі жолында қолға алған әрбір істеріңіз оң, мерейлеріңіз қашанда үстем болсын!
 
Құрметпен, Курчатов қаласының әкімі, А. Оңдақанов
 Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы  Г. Қарымбаева

Еш пікір жоқ »

Әлі еш пікір жоқ.

Пікір қалдыру