Менің жеке ресми блогыма қош келдіңіздер!
Біздің қаламыздың дамуына аландайтын өміріміздегі оң өзгерістерге талпынатын қолданушыларымды кездестірем деп үміттенемін. Сіздер көкейлеріңізде жүрген сауалдарыңызды, шешімін тапппаған мәселелеріңізд, құнды пікірлеріңізді, маңызды ұсыныстарыңызды, тілек ниеттеріңізді жолдауға болады. Сіздердің жолдаған тілектеріңізбен сұрақтарыңызға нақты жауабымды беруге, ал, идеяларыңызбен сыныстарыңызды тыңғылықты талқылап қажетімен жаратуға дайынмын. Осындай жақын пікір алмасуымыз біздің өміріміздің сапасын көтеріп жүйелендіретіне сенімдімін.
 
Құрметпен,Оңдақанов Алмас Аманқолұлы 

Оқиғалар
ҚР Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын

14 сәуір күні қалалық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасы Ардагерлер ұйымының 30 жылдығына арналған салтанатты жиын өтті. Құттықтау сөзінде қала әкімі Алмас Ондақанов  қоғамда белсеңділік танытып, жастарға тәлім-тәрбие беріп жүрген еңбек ардагерлеріне, қала кәсіпорындары, мекемелері мен ұйымдарындағы бастапқы ардагерлер ұйымдарына алғысын айтты. Белсеңді ардагерлерге алғыс хаттарымен және мадақтамалармен марапатталды. Салтанатты жиын қалалық мәдениет үйі ұйымдастырған мерекелік концертпен жалғасты.

 

Пікірлер
Курчатов қ. әкімі азаматтардың жеке қабылдауын өткізді

29 наурызда Курчатов қаласының әкімі «Нұр Отан» партиясы қалалық бөлімшесінің қоғамдық қабылдауында қала тұрғындарын жеке мәселелері бойынша қабылдауын өткізді. Мәселелердің жаң-жақты салада болуын ескере отырып, қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Курчатов қалалық бөлімшесі төрағасының бірінші орынбасары Е. Гулькова, ТҮКШ бөлімінің басшысы А. Тоқпақов, жұмыспен қамту орталығының басшысы С. Әзімханов,  ауыл шаруыашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Б. Тәжиев, білім беру бөлімінің бас маманы П. Тургамбаева қатысты.

Мемлекетті тұрғын үй қорынан жалға алу немесе сатып алу негізінде баспана алу мәселесі өзекті мәселелердің бірі болып келеді. Сондай-ақ, тұрғындар жұмысқа орналастыру және ауыл шаруашылығын жүргізу үшін жер бөлуге жәрдемдесу бойынша өтініш білдірді. Алмас Аманқолұлы әрбір өтінішті мұқият қарастырып, атқарушы органдардың қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

Пікірлер
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындарымен қонақтары! Қадірменді жерлестер!

Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз!

Наурыз елдің дәстүрінде ежелден жаңа мен жақсының, мейірім мен имандылықтың бастауы болып келеді. Бұл күн жаңару, жасару, рақымшылық уақыты.

Мемлекет басшысы Н.А. Назарбаев Наурыз мейрамының  біздің елімізде бірлік пен келісімді сақтаудағы ең басты мерекелерінің бірі екенін атап айтты.

 Қазақтың ежелгі дәстүрімен Сіздерге Ұлыс оң болсын, ақ мол болсын демекпіз! Осы жыл басы отбастарыңызға бақ пен береке, молшылық пен дәулет болып енсін. Әрқашанда еңбектеріңіздің еселі жемісін көріп, әрбір атқан келешектің нұрлы күнімен шаттықта шыңдалып,  келелі табысқа жете берулеріңізге тілектеспін.

Біздің қаламызда болып жатқан оң өзгерістер –  біздің  сіздермен бірлесіп атқарған жұмыстарымыздың  нәтижесі.

 Кең байтақ Қазақстанның мәртебесі жолында қолға алған әрбір істеріңіз оң, мерейлеріңіз қашанда үстем болсын!

 

                                                           Құрметпен, Курчатов қаласының әкімі, А. Оңдақанов

                                                           Курчатов қалалық мәслихатының хатшысы  Г. Қарымбаева

Пікірлер
Аяулы аналар! Ардақты апа-қарындастар!

Гүл көктемнің алғашқы мерекесі – әсемдік пен әдеміліктің, сұлулық пен ізгіліктің жаршысындай жайма-шуақ күйге бөлейтін жарқын мейрам.Өйткені, әйел ана – өмірдің өзі, бақ пен берекенің көзі, нәзіктік пен көркемдіктің сәні, мейірімділік пен парасаттың мәні. Сондықтан да 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесінің орны бөлек. 

Бүгінде, алтын құрсақ ананың амандығы мен баланың жарқын күлкісі – біздің басты байлығымызға айналып отыр. Бойымыздағы ізгілік пен құт-береке атаулы сол ананың жүрегінен бастау алады.

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «Әйел – өмір тірегі ғана емес, әйел – өмірдің өзі» деп атап өтуі, біздің қоғамдағы әйел-аналардың орнының биіктігін көрсетеді. Тәуелсіз еліміздің бүгінгі күнге нығайып, әлем таныған абыроймен жетулеріне асыл аналарымыз, ардақты жеңешелеріміз бен апа-әпке, сіңлілеріміздің өлшеусіз үлес қосқандығы ақиқат. Отбасының күнбе-күнгі шаруасын, бала тәрбиесін және қоғамдық жұмыстарды қоса атқара жүріп әйел заты біздің қоғамдағы тұрақтылық пен ел бірлігін сақтау мәселесінде шешуші рөл атқарып келеді.

Қазіргі таңда қоғамның түрлі саласында қажырлы еңбек етіп, ғылым мен білімнің, мәдениет пен өнердің шыңына көтерілген, мемлекетіміздің дамуы мен өркендеуінде парасаты мен пайымын, біліктілігі мен әлеуеттілігін, танымы мен талғамын аямаған әйел аз емес. Ұрпақ тәрбиелеуде ғана емес, билік пен бизнесте, саяси-экономикалық және әлеуметтік ахуалды ер азаматтарымен иық тірестіре жүрген қыз-келіншектер – бүгін ел мақтанышы.

Сіздерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтаймыз!
Әрқашанда шаңырақтарыңыздың берекесі болып, жүздеріңізден нұр шашып жүре беріңіздер. Сіздерге зор денсаулық пен баянды бақыт тілейміз!

 

Курчатов қаласы әкімінің м.а.                                  

А. Глазинский

 

Пікірлер
Қала әкімінің қорытынды есептік кездесуі өтті

27 қаңтар күні қалалық мәдениет үйінде қала әкімі Н.Ж. Нұрғалиевтің тұрғындар алдындағы қорытынды есептік кездесуі өтті. Кездесуге Шығыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Н.А. Сақтағанов қатысты.

Өз баяндамасында Нұрбол Жолдаспекұлы өткен жылдың қорытындылары туралы және 2017 жылға арналған жоспарларымен бөлісті. Кездесу соңында Н. Сақтағанов қала әкімінің жұмысына оң бағасын беріп, Шығыс Қазақстан облысының дамуы бойынша 2016 жылдағы негізгі көрсеткіштері туралы атап өтті.

Әкімнің баяндамасы және өткен кездесу қала тұрғындарының көңілінен шықты, олар қаланың жақсы жаққа өзгеріп келе жатқанын атады және әкімнің жұмысына ризашылығын білдірді.

Пікірлер
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары!

Ел тарихына жарқын сәттермен есте қалатын ескі жылмен қоштасып, үмітке толы Жаңа жылды қарсы аламыз. 2016 жыл біздің еліміз үшін тағы бір ұмытылмас сәттермен тарихта қалады деп есептеуге болады.

Пікірлер
Құрметті курчатовтықтар! Сіздерді басты және іс жүзінде халықтық мерекелердің бірі – Қазақстан Республикасы Конституциясы күнімен шын жүректен құттықтаймын.

21 жыл бұрын осы күні біздің еліміз бүкілхалықтық референдумда Қазақстанды зайырлы, құқықтық және унитарлы мемлекет деп жариялаған Негізгі заңды қабылдады. Бұл барлық қазақстандықтар үшін ерекше оқиға, жаңа қоғам құратын сенімді іргетас болды. Әрине, оның басты шарты Конституцияға оның бастамашысы және идеяларымен қуаттандырушы болған Елбасы енгізген мемлекеттің қызмет етуінің жалпы құндылықтары мен басты принициптерінің енгізілуі болды. Олар – қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, қазақстан халқының игілігіне бағытталған экономикалық даму және қазақстандық патриотизм. Әрине мұның барлығы біздің Президентіміз – Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың нық және сындарлы саясатының, сондай- ақ қазақстан халқының ынтымақтастығы мен бірлігінің арқасында мүмкін болды. Біздің көпұлтты елімізде Конституция – ұлтына, тіліне, әлеуметтік тегіне, сенімдері мен дініне қарамастан тең құқылылықтың мызғымас кепілі болды. Біздің Конституция Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 елі қатарына енуі бойынша Қазақстан – 2050 стратегиясының тарихи мақсаттары мен міндеттерін жүзеге асырудың мызғымас негізі болып табылады. Біздің ең басты жетістігіміз – біздің ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен келісім. Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары! Сіздерге ашық аспан, келісім және тұрақтылық тілейміз, әр отбасы бақыт пен игілікке кенелсін, ал біздің Отанымыздың гүлдене түсуіне бағытталған жаңа жеңістерге ұмтылыс бізді жаңа жетістіктерге жеткізе берсін!

 

Құрметпен,

Курчатов қаласының әкімі Н.Нұрғалиев

Пікірлер
Құрметті Ұлы Отан соғысының ардагерлері, тыл еңбеккерлері! Құрметті курчатовтықтар!

Сіздерге терең құрмет көрсетіп, бас ие отырып Ұлы жеңіс күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Жеңіс күні — бүкілхалықтық қасиетті мереке. Оны әрбір қазақстандық отбасы мерекелейді, ол біздің барлығымызды біріктіреді. Ұлы Отан соғысының отты жылдарының тарихы жыл сайын бізден алыстап барады, бірақ біз ешқашан да халықтың ұлы ерлігі мен Отанымызды өз өмірін қия отырып сақтап қалған ерлеріміздің есімдерін ешқашан да ұмытпаймыз. Біздің ардагерлеріміз, майдангерлеріміз, тыл еңбеккерлері, біздің елімізді сұрапыл соғыстан кейін қалпына келтіргендердің баршасы жасай берсін.
Бүгінгі таңда Қазақстанда Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ардагерлердің лайықты өмір сүруін қамтамасыз ету үшін барлық мүмкіндіктерді жасап келеді. Ардагерлеріміздің жастар бойында Отанға деген сүйіспеншілікті қалыптастыруда үлгі көрсетіп келе жатқаны, балалары мен немерелерін өз Отанының патриоты болуға тәрбиелеуі бізді қуантады.
Құрметті ардагерлер Сіздерге әскери және бейбіт өмірдегі еңбектеріңіз, баға жетпес өмірлік тәжірибелеріңіз және белсенді адамгершілік көзқарастарыңыз үшін үлкен алғыс білдіреміз. Майдангерлер мен тыл еңбеккерлеріне, соғыс жесірлері мен балаларына бас иеміз, себебі біздің көп ұлтты мемлекетіміздегі ұлттар арасындағы достық пен келісімді сақтай отырып бүгінгі Қазақстанды қалыптастырудың іргетасын Сіздер қаладыңыздар.
Ұлы ерлік халықтың баға жетпес төзімділігі мен қайсарлығының барлық болашақ ұрпақ үшін мәңгілік үлгісі болып сақталып қалады!
Ұлы жеңіс тарихы патриотизмге тәрбиелеудің, қазіргі жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеудің барлық болашақ ұрпақ үшін басты үлгісі болып қала беруі үшін барлық жағдайды жасау біздің борышымыз.
Құрметті ардагерлер! Құрметті тыл еңбеккерлері, соғыс жесірлері мен балалары! Сіздердің Отан үшін жасаған ерлік істеріңіз үшін алғысымызды қабыл алыңыздар! Осы мереке күні сіздерге мықты денсаулық, ұзақ ғұмыр, бейбітшілік, игілік, туыстарыңыздың қамқорлығын тілеймін!
Ұлы жеңіс күні мерекесімен құттықтаймын!

Құрметпен,
Курчатов қаласының әкімі Н. Нұрғалиев

Пікірлер
Құрметті курчатовтықтар! Қазақстан Республикасының Отан қорғаушылар күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің мемлекеттігіміздің қалыптасуы мен дамуы кезеңі ішінде біздің армиямыз да танымал бола бастады. Ірі әскери жаттығулар, бейбітшілік орнату бойынша қызмет, нәтижелі әскери ынтымақтастық біздің Отанымыздың әлемдік аренадағы беделін одан әрі нығайта түсті.
Бүгінгі таңда біздің армия — барлық қазақстандықтардың мақтанышы. Жастар арасында әскери қызмет өте құрметті, себебі Отан қорғаушы қай уақытта болмасын құрмет көрсету мен еліктеу үшін үлгі болады. Патриотизм, Отанға деген сүйіспеншілік, Отанға қызмет ету әрқашан да ұлттық мақтаныштың басты өлшемі болады.
Отан қорғаушылар күні біздің елімізде ұлы дата – Жеңіс күні қарсаңыында атап өтіледі. Біздің жас армиямыз Ұлы Отан соғысы жылдарында ерлікпен шайқасқан қазақстандық әскери құрамалардың даңқты істерін одан әрі жалғастырушылар болып табылады.
Тәуелсіздіктің 25 жылы ішінде Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Бас қолбасшы ретінде қамқорлық жасауының арқасында еліміздің қарулы күштері оның сенімді қорғанына, халқаралық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігіне айналды. Олардың әскери қабілеттілігі жылдан жылға артып келеді, олар қазіргі заманғы қару- жарақ пен техникамен жарақтандырылуда, біліктілігі жоғары мамандармен толықтырылуда.
Әскери қызмет атқару жүздеген мың жастар, оның ішінде біздің жерлестеріміз үшін ерлік пен патриттықтың мектебіне айналды, олар өздерінің конституциялық және азаматтық борышына берік бола отырып 3514 әскери бөлімінде лайықты қызмет атқаруда.
Бүгінгі таңда біздің ортақ міндетіміз — даңқты әскери дәстүрлерімізді сақтау, біздің республикамыздың одан әрі дамуы, біздің азаматтарымыздың қауіпсіз өмір сүруі үшін жағдай жасау.
Біз Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің, ауған соғысы ардагерлерінің, солдаттар мен офицерлердің ерлігін мақтан етеміз. Біз кез келген уақытта өзінің қасиетті борышын өтеп – өз Отанын, оның бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауға дайын тұрған барлық ұландарымызды мақтан етеміз.
Бұл мереке күні үнемі бейбіт және қуаныш пен шаттыққа толы болсын. Барлық курчатовтықтарға мықты денсаулық, отбасылық бақыт игілік және Қазақстан Республикасының одан әрі гүлдене беруіне тілектеспін!

Құрметпен,
Курчатов қаласының әкімі Н. Нұрғалиев

Пікірлер
Құрметті курчатовтықтар! Құрметті жерлестер! Сіздерді Қазақстан халқының бірлігі күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Біздің тәуелсіз мемлекетіміз үшін – бұл ең маңызды мерекелердің бірі. Халықтың бірлігі, бейбітшілік және келісім барлық уақытта да Қазақстанның игілігі мен гүлденуінің негізі болып табылады. Республиканың әрбір азаматы діни және ұлттық ерекшелігіне қарамастан Конституциямен кепілдік берілетін өздерінің азаматтық құқықтары мен бостандықтарын толық көлемде пайдаланады.
Елімізде ұлттық ерекшелікті, мәдениетті, тілді, дәстүрді дамыту үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Бұл тұрақтылық, бірлік пен жаңғыртуға үнемі қолдау көрсетіп келе жатқан Елбасы, Ұлт көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың басты басымдығы.
Қоғамдық келісім саясатын жүзеге асыруда Қазақстан халқы Ассамблеясына үлкен маңыз беріледі. Оның жақында өткен сессиясында Елбасы Қазақстан халқы Ассамблеясын 2020 жылға дейін дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу тетіктерін атап көрсетті.
Елімізде Достық үйлерінің жұмысының нәтижелілігі күшейтілетін болады, Ассамблея қызметіне жастар неғұрлым мол тартылады, әр өңірде қоғамдық келісім кеңестері пайда болады. Қоғамның басты біріктіруші факторы мемлекеттік қазақ тілі болады.
«Бір халық – бұл барлық ұлттар үшін ортақ мүдделер, бір ел – бұл баршамыз үшін ортақ Отан. Бір тағдыр – бұл біз сіздермен бірге жүріп өткен жолдың қиындықтары мен жеңістері. Бұл біздің ортақ болашағымыз, гүлденген Қазақстан. Осының барлығы тұтас алғанда «Қазақстан 2050» стратегиясын сәтті жүзеге асыру үшін қоғамның бірлігі қажет екенін білдіреді», – деді Елбасы.
Тек қана бірге, бейбітшілік пен келісімде біз күшті, бай, рухани бай, дені сау елді құра аламыз.
Тарихи қалыптасуы бойынша біздің облысымыз біздің Отанымыздың ең көп ұлтты өңірлерінің бірі болып табылады. Ұзақ жылдар ішінде біздің тағдырымыз, біздің өміріміз бірікті, біз біртұтас елге айналдық. Соның арқасында біз барлық қиындықтарды жеңе білдік, белгілі бір жетістіктерге қол жеткіздік.
Біз қол жеткізген жетістіктермен тоқтап қалмаймыз, Елбасы ұлттың жаңа саяси бағыты – «Қазақстан 2050» стратегиясында алдымызға қойған көлемді міндеттерді жүзеге асыра отырып алға жүретін боламыз. Бірлік пен тығыз топтасудың арқасында біз күшті, гүлденген мемлекет құруда жаңа биіктерге қол жеткіземіз.
Құрметті Курчатов қаласының тұрғындары! Бірліктің жарқын мерекесі біздің халқымыздың дәстүріне айналды.
Осы көктемнің шуақты күні шынайы құттықауымызды және бейбітшілік, қайырымдылық және келісім тілеген тілегмізді қабыл алыңыздар!

Құрметпен,
Курчатов қаласының әкімі Н. Нұрғалиев

Пікірлер